ҰБТ-ға қатысушылар менингиттен қорғалады

0 0

Денсаулық сақтау министрлігі ҰБТ өтетін мекемелерде менингококк инфекциясына байланысты профилактикалық шаралар жүргізуді бастайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«20 -сы мен 30 маусым аралығында елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Іс-шара 147 орында, яғни университеттерде, колледждерде және шалғай елді мекендердегі сыныптарда бөлінген арнайы аудиторияларда болады. Қазіргі уақытта біз ҚР БҒМ-мен ҰБТ-да алдын алудың барлық мәселелерін талқылаудамыз, сондай-ақ олар медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.Барлық бөлімдер алғашқы көмек жинақтарымен қамтамасыз етіледі. Бұл күні халық көп болатынын түсінеміз. Барлық ұйымдастырушылық сәттермен тестілеудің ұзақтығы шамамен төрт сағатты құрайды. Сондықтан, ҰБТ-ны ұйымдастырушыларға тестілеу басталғанға дейін бөлмені желдететін кезде дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы міндетті түрде ылғалды тазалық жұмыстарын жасауды ұсындық», – деді еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин атап өткендей, басқа елді мекендерден ҰБТ тапсыру үшін келген мектеп түлектерін тамақтанатын және тұратын орындарында да алдын алу шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.