Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ресейлік “Danone” компаниясының өнімдерінің құрамынан антибиотиктер табылуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бекшиннің сөзінше, егер елімізде аталған өнімдердің құрамында антибиотиктері бар партиясы анықталса, қауіпті өнімдер бірден сатылымнан алынатын болады.
«Сол кезде бұл жағдай туралы өндіруші мен мемлекеттік органдарға ақпарат беріледі», – дейді Жандарбек Бекшин.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін “Danone” компаниясының өнімдерінің құрамынан антибиотиктер табылған еді. Мұнан кейін Ресейдегі ауыл шарушашылығын бақылау басқармасы комбинатты жоспардан тыс тексеріп, олардың мал дәрігерінің ілеспе құжаттарынсыз шикі сүт қабылдағанын, дәрілік заттары бар сүтті қайтармағанын және өнімді санитарлық талаптарға сай келмейтін жерде өндіргенін анықтаған.
Осыған байланысты кәсіпорынға айыппұл салынды.
Өз кезегінде «Данон Россия» АҚ бұл әрекеттермен келіспей, сотқа қуыным берді.