Елімізде алаяқтар ұялы байланыс операторларының атын жамылып, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін жинап жүр
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев ғаламтордың көмегімен жүзеге асатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алаяқтар ұялы байланыс операторларының атын жамылып, фишингтік сайттарды қолдану арқылы сауалнама жүргізеді. Сөйтіп қолданушылардан жеке мәліметтерін енгізуді сұрайды. Мұнан кейін ұтыс туралы жалған ақпарат шығады. Алаяқтар пошта шығындарының төлемін жүргізу үшін, қолданушының банк картасы туралы мәліметтерді енгізуді талап етеді», – дейді Алмас Садубаев.
Мұндай әрекеттен кейін алданып қалған тұлғалардың мәліметтері пластик картадағы ақшасын рұқсатсыз шешіп алу үшін қолданылуы мүмкін.
Осыған байланысты ІІМ қазақстандықтарды сақтық танытып, кез-келген күмәнді ақпаратты байланыс операторларының ресми сайттарынан немесе байланыс орталықтарынан анықтауға шақырды.