Қазақстан – қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы бастаманы ұстанған мемлекеттер арасында көшбасшы
Халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшілікті ту еткен және жаңашыл бастамаларды қолдайтын мемлекет ретінде біледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24 kz арнасына сілтеме жасап.
«Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелер дүние жүзіне үлгі», – дейді мамандар. Америкалық сарапшы Пол Уильямсон Қазақстанның ұстанған саясатына тоқталып, жаһан алдындағы маңыздылығын атап өтті.
Пол Уильямсон, америкалық сарапшы:
«Қазақстан – қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы бастаманы ұстанған мемлекеттер арасында көшбасшы. Сіздер бүкіл әлемде бейбіт және қауіпсіз өмірді қамтамасыз етуге зор үлес қосып келесіздер. Кейбір елдердің қару қолданып, соғыс ашып жатқаны жайлы естігенде бойымды үрей билейді. Мұндай мемлекеттердің іс-әрекеті қарапайым адамдардың өмірін қиындатты. Кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен өзге сыртқы қарым-қатынас сол елдің басшысына тікелей байланысты. Ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап бейбіт өмір мен тұрақтылықты қолдайтынын іс жүзінде дәлелдеп келеді.