Ресей 2014 жылдан бастап КСРО-да репрессияға ұшырағандардың мұрағат мағлұматтарын жоюда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA SN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде ГУЛАГ тарихи мұражайының қызметкерлері хабарлады. Алайда елдің Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.
Қудаланғандар жөніндегі құжаттар құпия бұйрықтың күшімен құртылып жатыр деген мұражай қызметкерлерінің мәлімдемесі тарихшыларды алаңдатып отыр. Себебі жеке іс болмаған кезде, жойылып жатқан архивті карточкалар адам туралы өмірбаяндық ақпарат алудың жалғыз көзі болған. Себебі әлі де олардың артынан іздеушілері бар, -дейді ГУЛАГ мұражайының директоры. Ұжым адам құқықтары жөніндегі кеңеске арызданған екен, алайда полиция бұл карталардың мәңгілік сақталатынын, ал жоғалып кеткендері бойынша жеке іс жүргізу керектігін жеткізген.