Мосс мобильді қосымша ойлап тауып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Студент әрі әуесқой программист Мэтт Мосс гаджеттерді көздің қарашығымен басқаруға болатын қосымша ойлап тапты. Соңғы iOS жаңарғаннан кейін осындай бағдарлама ойлап табу мүмкіндігі пайда болды.
«Көздің қарашығы» операциялық жүйесінің соңғы нұсқасында гаджетті көз қарашығының қозғалыс бағытымен басқаруға болатын функция қосылды.
Мосс жаңа бағдарламаны іс жүзінде тексеріп көрді. Ол көзінің көмегімен экрандағы тетікті қозғалтып, ұялы телефондағы папкаларды ашты. Ол бұл бағдарлама қолымен жұмыс істей алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек болатынын айтты.