Облыс әкімі Асқар Мырзахметов халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Іс-шараға барлығы 108 дарынды оқушылар, ұстаздар мен мектеп басшылары қатысты.
Дарынды жеткіншектер 2017-2018 оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан. 257 оқушының 142-і жеңімпаз атаныпты.
Республикалық пәндер олимпиадасының және ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша облыс командасы командалық І-ші орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атанған.
Жиын соңында облыс әкімі А.Мырзахметов дарынды жастарға алғыс жариялап, ноутбук тапсырды.