Жамбыл облысында колониядағы жедел қызметтер басшысының орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
«12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл облысы 158/5 мекемесінде жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен колония басшысының орынбасары ұстады», — деді Нұрлан Жахин.
Сондай-ақ, ол күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын және сол себепті қамауға алынбағанын айтып өтті.
«Ақша сотталушыны осы мекемеде жазасын өтеу үшін жағдайын жеңілдету үшін алынған», — деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.