Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді

0 29

Осындай іс-шараның бірі Жамбыл облысында өз жалғасын тапты. Бұл ауқымды шараға 1000-нан астам отбасы қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Іс-шара шеңберінде «Зекет» қоры 350 отбасына көмек көрсетті. Қалған 650 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Қайырымдылық акциясына 10 млн.теңге көлемінде қаражат жиналған. Бұл қаржы да отбасыларға таратылып берілді.

Данияр Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің басты имамы:

— Акцияға тек кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар ғана қатысып қойған жоқ. Біз сондай-ақ, «Зекет» қорына алғысымызды білдіреміз. Қасиетті Рамазан айы мұқтаждарға көмек көрсетуге арналған. Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық болсын.

«Осындай көмек үшін алғысымды білдіргім келеді. Қасиетті айда бізді ескеріп, көмек көрсеткен жандарға рақмет», — деді іс-шараға қатысушылар.

Дегенмен, қайырымдылық шаралар мұнымен шектеліп қалмайды. Өйткені, көмекке зәру 50-ге жуық отбасы бар. Бұдан басқа, өзге де мұқтаж отбасылар назарға алынады, — дейді діни қызметкерлер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.