Ақтөбе облысында 10 маусымда менингококк инфекциясына күдікпен ауруханаға түскен бүлдіршіннің диагнозы расталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта науқас облыстық клиникалық инфекциялық аурухананың жан сақтау бөлімінде емін жалғастырып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты. Оң өзгерістер бар екенін айтуға болады», – делінеді хабарламада.
Сондай-ақ, ведомствода мәлімденгендей, баламен байланыста болғандардың бәрі тексерілген. Олар медициналық бақылауға алынып, тексеру қорытындысы теріс болып шықты.
Ауру ошағында індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.