1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні ретінде аталып өтетін маңызды мереке. Бұл күн – барлық этностардың қазақ халқына ризашылық білдіретін, татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше дата.
Мерекеге орай Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары, мүшелері мен этномәдени бірлестік басшылары және өкілдері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Аймақтық Ассамблея мүшелері бұл мерекенің тарих пен дәстүрге көрсетілген құрметтің көрінісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, шараға қатысушылар ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталып, татулық пен тұрақтылықтың қадірі қазақстандықтар үшін ерекше екенін жеткізді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы