Шымкент қаласында жұқпалы менингококк ауруынан 2000 жылғы азамат көз жұмды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол қаладағы №9 мектептің түлегі еді. Марқұм – Қаратау ауданының тұрғыны. Мектеп оқушысы жуырда басталатын Ұлттық біріңғай тест сынағына дайындалып жүрген. Шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасына жедел-жәрдем көлігімен жеткізілген науқасқа дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер ажалға араша бола алмады. Мектеп бітірушінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты қалалық білім бөлімі де растады.