Үш ай ішінде Қазақстанда тағы үш жол ақылы болады

0 4

Жыл соңына дейін Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай тас жолдарында ақы алу жүйесі орнатылады. Алдағы үш айда Қазақстанның тағы үш республикалық тас жолында ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министр қазір елімізде тек Астана-Бурабай тас жолы ғана ақылы екенін атап өтті. Айтуынша, алдағы үш айда тағы үш учаске ақылы болады.

«Алдағы үш айда үш учаскеде – 630 шақырымнан астам – ақы алу жүйесі енгізіледі. Бірінші учаске – Алматы-Қорғас, шілде айының соңында жүйе толығымен енгізіледі. Сондай-ақ Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдары қыркүйек айында ақылы болады», — деді Қасымбек парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол 2020 жылға дейін 5,5 мың шақырымды, ал 2022 жылға дейін 10 мыңнан астам шақырымды ақылы ету жоспарланып отырғанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.