Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес, маусым айының үшінші жексенбісі «Медицина қызметкерлерінің күні» ретінде аталып өтіп келеді. Осы мақсатта бүгін Шу аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев аталмыш сала қызметкерлеріне Шу ауданының Құрмет грамотасын табыс етті.
Медицина қызметкерлері, келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!