Жолаушылар пойызы апатынан қаза тапқан жасөспірім Ыстықкөлге демалуға бара жатқан

0 4

Жолаушылар пойызы апаты салдарынан қаза тапқан жасөспірімнің Қарағанды облысы тумасы екені белгілі болды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.

12 жасар оқушы ата-анасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан екен. Ал пойыз рельстен шығып кетіп, аударылған сәтте ол дәретханада болған көрінеді. Осы кезде қатты жарақат алған. Дәрігерлер қанша тырысса да, баланы ажалдан арашалай алмады. Жасөспірімнің денесі мәйітханаға жеткізілді. Онда тиісті сараптама жұмыстары жасалуда. Ал ата-анасы қонақүйге орналастырылды. Сондай-ақ күшейтілген жұмыс режиміне көшкен Шу қаласындағы ауруханада екі аяғы да сынған астаналық азаматқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.