Астана-Алматы пойызы шығып кеткен учаскедегі темір жолдар биыл 6 маусым күні тексерістен өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал машинист рұқсат берілген жылдамдықты асырған жоқ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының төрағасы Қанат Алпысбаев Үкімет қабырғасында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, оқиғаның себебі жүк және жолаушылар пойыздарының соқтығысуы емес. Сараптама жүргізу үшін Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы және Бүкілресейлік теміржол көлігі ғылыми зерттеу институтының мамандары жұмылдырылды.
Қанат Алпысбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
— Қазіргі таңда комиссия оқиға болған орынның инфрақұрылымдық жағдайын тексеріп жатыр. Қажетті өлшемдер жасалады. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдаймыз. Маусым айының соңына дейін комиссия өз жұмысын аяқтайды. Теміржолдағы қауіпсіздік деңгейін бақылауды күшейтеміз.