Татарстан нарығына қазақстандық қандай өнімдер шығып жатыр?

0 0

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы Татарстан Республикасының ірі бөлшек сауда желісі үшін азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының экспортына қолдау көрсетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Таяу уақытта Татарстан Республикасындағы «Эссен Продакшен АГ» ЖШҚ ірі гипермаркеттері желісінің сөрелеріне отандық өндіруші «Expo FOOD» ЖШС-нің жеткізген өнімдері түседі. Қарағандылық экспорттаушы NaturaBogata СМ-мен өлшеп буылған жармалардың 4,3 млн. теңгеден астам сомаға бірінші топтамасын (күріш сұрыпталымы, қарақұмық, арпа, ұнтақ, бұршақ, сондай-ақ пісіру пакеттеріндегі қауыздар мен жармалар) тиеп-жөнелтті.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ «Expo FOOD» ЖШС-не «Эссен Продакшен АГ» ЖШҚ компаниялар тобына (Татарстан Республикасы, РФ) кіретін ресейлік сатып алушы «Торгпартнер» ЖШҚ-мен жасалған келісімшарт бойынша экспорттық кредитті сақтандыру (төлем мұрсаты) түрінде сақтандыру қолдауын көрсетті.

Айта кетейік, «ExpoFood»» ЖШС «GreenFoods» ЖШС-нің – NaturaBogata және Будь Ласка сауда маркаларымен азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға мамандандырылған қазақстандық өндірушінің еншілес компаниясы болып табылады. Өнімдер: күріш сұрыпталымын, жармалар сұрыпталымын, пісіру пакеттеріндегі қауыздарды, ботқаларды қамтиды.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың күзінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ Қазақстанның 40-тан астам тамақ өнімдерін өндірушілері үшін «ЭссенПродакшен АГ» АҚ сауда желісінің өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер ұйымдастырды және өткізді. Келіссөз қорытындылары бойыншаэкспорт үшін өнімдер желісі, сондай-ақ ынтымақтастық желісі белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.