Шымкент қаласының әкімі тағайындалды

0 0

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылғы 23 қантарда Шымкент облысы Киров ауылында дүниеге келген.

1996-1997 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті;

1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;

2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы;

2012-2015 жылдары — Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі;

2017 жылғы 31 қазаннан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.