ҰБТ-2018: Алғашқы күні үздік түлек 137 ұпай жинады

0 14

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы белгілі болды. Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқан 13 897 түлектің, 11795-і шекті деңгейден өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Бір оқушы 140 баллдың 137-сін жинады», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 11795 түлек шекті деңгейден өтіп, 2210 тапсырушы тиісті баллды жинай алмаған.

«Енді, олар тамыз айында тестті екінші рет тапсыра алады. Одан да өте алмаса, жоғары оқу орнының ақылы бөліміне қабылдана береді. Бірақ бірінші семестрден кейін, яғни келесі жылдың қаңтар айында тест тапсырып, өз білімін көрсетуі керек», – деді Әлімқұлов.

Әлімқұлов еліміздің оңтүстік аймағында ҰБТ өткізу ережелерін бұзуға байланысты бір нәтиженің жойылғанын атап өтті.

Республика бойынша орташа балл 80,9 балл. Өткен жылғы көрсеткіш 77,5 балл болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 20 маусымында Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, оған 13 897 түлек қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.