Қазақстан мен Қытай бірлесе отырып Қорғас өзенінде бөгет тұрғызбақ

0 8

ҚР парламентінің сенат депутаттары Қытаймен Қорғас өзенінде «Шұқырбұлақ» (Алмалы) тасқынға қарсы бөгетін серіктестік арқылы тұрғызу туралы үкіметаралық келісімді бекітті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Екі мемлекет арасындағы келісімге 2017 жылы маусым айында қол қойылған еді. Келісім талаптарына сәйкес, тараптар бірлесе отырып Қорғас өзенінде «Достық» қазақстандық-қытайлық су торабынан 5 шақырым жерде тасқынға қарсы бөгетті тұрғызады.

Бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдегендей, аталған жобаның құны 11,7 миллиард теңгені құрайды.

Бөгет Қазақстан мен Қытайдың теңдей дәрежедегі иелігінде болады.

Құрылысты қаржыландыру қос тараптың 50 пайыз үлесі арқылы жүзеге асады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.