Таразда күйіп қалған баланың терісі алмастырылатын болды

0 3

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар баланы жағып жіберу оқиғасына байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, 17 маусым күні Тараз қаласының №2 ауруханасының күйік бөліміне денесінің көп бөлігін күйік шалған 6 жасар бала түсті. Дәрігерлер оған «күйік шалып, 1-2 дәрежеде есінен танып, басы, мойны, арқасы мен екі иығынан, денесінің 18% 2-3 дәрежедегі күйік шалған» деген диагноз қойған.

«Аталған факті Тараз қалалық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізіліп, ҚР ҚК 107 бабы, 2 бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды»,-деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының өкілдері.

«Аталған баптың 2-ші бөлігі «Денеге қасқана орта дәрежедегі жарақат салу» жазасын қарастырады және кәмелетке толмаған балаға әдейі ұйымдастырылған әрекет ретінде қарастарылады. Осы әрекет үшін 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзеу мақсатында жұмыстар атқару, 3 жылға дейін бостандығын шектеу немесе осы мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалады».

Ал, әзірге кінәнің кімге тағылатыны белгісіз. Баланың өзінің сөзінше, ол тез тұтанатын затпен ойнап жатқан кезде жасы 7-ге толған көрші үйдің балалары келіп, оған от қойған. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары оқиғаның куәгерлерінің жоқтығы салдарынан балалар мен олардың ата-аналарының айтқандары негізінде ғана жүргізілуде. Сөйтіп, біршама қиыншылықтар туындауда»,-деді Жамбыл облыстық ІІД-нің өкілдері.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, дәрігерлер баланың жағдайын ауыр бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Енді оның терісін алмастыру керек, бұл өте күрделі операция.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.