Түркістан облысының шекарасын белгілеу туралы Қаулы жобасы талқылауға шығарылды

0 0

Түркістан облысының шекарасын белгілеу туралы ҚР Үкіметінің Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарияланған құжаттың әр пункті бойынша пікір қалдыруға болады. Жоба 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қаулы жобасына сәйкес, Түркістан облысының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Солтүстігіндегі шекара Жамбыл облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтармен шектеседі. Солтүстік-батысындағы шекара Қарағанды облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтарға ұласады. Батыс шекарасы Қызылорда облысына қарайтын аумақтармен шектессе, оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасы Өзбекстан шекарасына тиіп тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.