Шу ауданында «Есірткісіз болашақ» атты акция өтті

0 5

Бүгін Шу қаласы Локомотив стадионында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі, «Дельта-долина» ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиялы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай «Есірткісіз болашақ» атты акциясы өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акция барысында қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерінің нашақорлыққа байланысты сахналық қойылымы қойылып, «Дельта-долина» ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлімі мамандары арнайы көрсетілім көрсетті.

Сонымен қатар, ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі жұмыстарында қолданылатын техникалары мен құрал-жабдықтарымен таныстырды және нашақорлыққа қарсы арнайы брашуралар таратылды.

Акция соңында аудан жастары арасында спартакиада ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.