Ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күндік қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған уақыт аралығында түлектердің 96 пайызы сынақ тапсырып үлгерді. Олардың 85 пайызы 50-ден жоғары балл жинады. Ал шамамен 15 пайызы жоғары оқу орнына түсе алмайтын болды. 140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген әзірге тек бір оқушы ғана. Ол Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова.
Сондай-ақ, Республикалық аппеляциялық комиссияның қарауына 566 шағым келіп түсті. Ал 8 түлек қулыққа барғаны үшін сынақтан шеттетілді.