«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

0 0

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында адами капиталды дамытуды маңызды екенін атап өтіп, бұл міндетті орындау үшін «Болашақ» бағдарламасының әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.

«Комиссияның жұмысын бастаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге жаңа форматтағы кадрларды дайындау міндетін жүктеді. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасының әлеуетін пайдалануымыз шарт. Бүгін біз 3 мәселені талқылаймыз. Оның арасында халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де бар», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыс барысында Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараты тыңдалды.

Комиссияның шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 76 үміткер тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғасыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.