14 мыңнан аса түлек ҰБТ-дан құлады

0 4

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 98 698 түлек қатысты. Оның 14,6 мыңнан астамы жоғары оқу орынға түсу үшін қажетті ұпайды жинай алмады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

2018 жылы ҰБТ бойынша бір түлек қана ең жоғары балл алған. Дегенмен, 130-139 ұпай жинаған 1 405 түлек бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық.

«ҰБТ тапсыруға 102,447 өтініш жазылды, оның 77 224 (75 пайызы) қазақ тілінде, 25 мың өтініш орыс және 46 өтінім ағылшын тілінде келіп түсті, Әзірге ағылшын тілінде 28 оқушы ҰБТ тапсырды, орташа балл 85, ал Қазақстан бойынша 83 балл. Біздің ойымызша, бұл ағылшын тіліндегі тест сұрақтары сапалы және мазмұнды  екенін дәлелдейді. Биылғы жылы ҰБТ-ға 986998 адам қатысты», — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұл ОКҚ-дағы брифингте.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы тоғыз оқушының қорытындылары қабылданбады.

«Барлығы 84 065 бітіруші қойылған межеден өтті, бұл көрсеткіштің 85 пайызы, өкінішке қарай 14 633 талапкер ҰБТ табалдырығын еңсере алмады, бұл көрсеткіштің 14 пайызы. Өткен жылы бұл көрсеткіш 15 пайыз болған», — деді ол. Рамазан Әлімқұловтың айтуынша қанағаттанарлық нәтиже көрсете алмаған түлектердің тамызда ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндігі бар.

«Өткен жылдан бастап тамыз айында ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Тамызда да қойылған межеден аса алмаса, түлек шартты түрде Қазақстандағы жоғары оқу орнына түсе алады, содан кейін бірінші семестрдің соңында ҰБТ-ны үшінші рет қаңтар айында тапсыруға болады. Бұл жағдайда түлек білім беру грантына үміткер бола алмайды», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.