Асқар Мырзахметов БАҚ өкілдерін марапаттады

0 1

28 шілде – Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесіне орай аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  өңірдегі БАҚ өкілдерін құттықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Шара барысында облыс әкімі қағаз бен қаламды қару қылған сала иелеріне ақ тілектер арналып, алғыс хаттармен марапаттады. Үздік қызметкерлер облыс әкімімінің қолынан марапатқа ие болды.  Олардың қатарында «Zhambylnews» АА-нің журналисті Ирина Кожухарова да бар.

Аймақ тіршілігіндегі азаматтық қоғамның ашықтығын қалыптастырудағы маңызды рөлі, мемлекеттік билік пен халық арасындағы алтын көпір арқауына айналған БАҚ өкілдерін алғыс хаттармен марапатталып, үздік қызметкерлер облыс әкімімінің қолынан марапатқа ие болды.

Спикерлер өз сөздерінде журналистердің кәсіпқойлығы мен шеберлігіне, қоғамға қызмет ету барысындағы өзекті мәселелерді шешудегі ықпалы мен еселі еңбектеріне алғыс білдірді. Олардың аймақ тіршілігіндегі азаматтық қоғамның ашықтығын қалыптастырудағы маңызды рөліне, мемлекеттік билік пен халық арасындағы алтын көпір арқауы екендігіне ерекше назар аударды.

Журналистің міндеті – кәсіби қасиеттерге ие болу ғана емес, сондай-ақ жоғары адамгершілік қағидаттарға ие болу. Себебі, бүгінгі қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арта түскен уақытта, халық тарапы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен жедел және уақытылы ақпаратты қажет етеді, өйткені оларға өзекті және қоғамдық-саяси оқиғалар туралы сенімді ақпарат жеткізу қызметі сеніп тапсырылған.

Салтанатты шараға қатысушылар барлық БАҚ қызметкерлерін қоғамды біріктірудегі ықпалына, жамбылдықтардың азаматтық белсенділігін ынталандыруға, қалыптастырылған өмірлік бағыт қалыптастырудағы еңбектеріне алғыс білдіре отырып, туған өлкенің және оның тұрғындарының игілігі үшін одан әрі жемісті еңбек ету жолында жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.