Грантта оқыған дәрігерлер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттелмек

0 0

Халыққа есеп беру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік грант бойынша медициналық университтерде оқыған студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттелетінін мәлім етті, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Алдағы жылдан бастап, медициналық университеттерде мемлекеттік грант бойынша білім алған студенттерге өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттейтін норма күшіне енеді. Олар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда 3 жыл жұмыс істейді. Біз нормативті-құқықтық құжаттар бойынша тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Олар дәрігерлер тапшы деген мекемелерге жіберіледі», — деді министр.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов медициналық жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттерге де талаптың күшейетінін атап өтті.

«Осыған дейін курстан курсқа өту маңызды талап болып саналатын. Енді орташа балдың деңгейі жоғарылайды. Нәтижесінде біз студенттер үшін курстан курсқа өтудің талабын күшейттік. Осылайша, біз түлектердің білім сапасын арттыруды көздеп отырмыз», — деп түйіндеді сөзін министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.