Таразда әр өңірден жиналған жастар бауырсақ пісіруден жарысты

0 0

Таразда еліміздің барлық өңірінен келген 40-қа жуық жас мемлекеттік қызметкер арасында «Бауырсақ party» шарасы өтті,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылған игі істе өзге ұлт өкілдерінің жастары 50 келі қамыр жайып, қызыл күрең бауырсақ пісірді. Үш сағатқа созылған жарыста жастар барынша шеберліктерін ортаға салды. «Жастар арасындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» жазғы мектебінің жұмысына қатысушылар тек мұнымен шектелмей, шанағына күй тұнған домбырадан ән мен жыр төгілтті.

Ермек Шмалиев, мемлекеттік қызметкер:

«Шара аясында қазан-ошақ құрылып, бауырсақ пісіріліп, самаурын қайнатылып, домбыра, күй тартыс ұйымдастырылды. Жастар арасындағы отансүйгіштікті сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де насихаттау, қазақтың ұлттық қолөнері мәдениетін өзге ұлт өкілдеріне көрсету мақсатымыз болды».

Leave A Reply

Your email address will not be published.