Бүгіннен бастап темекі өнімдерінің бағасы тағы 20 теңгеге көтеріледі. ҚР Үкіметінің №587 қаулысына сәйкес, фильтрлі, фильрсіз сигареттер мен папиростарға шекті бағаны орнатып қана қоймай, оны біртіндеп көтеру жоспарланған, — деп xабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Аталған құжат бойынша 2018 жылы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 360 теңге болуы шарт. Бұған дейін 20 дана фильтрлі-фильтрсіз сигареттер мен папиростардың шекті бағасы 340 теңге болған. 2019 жылы 1 қаңтардан бастап аталған меже 380 теңгеге дейін көтеріледі.
Айта кетейік, Қазақстанда темекі шегетін азаматтар аз емес. Өткен жылы 1000 дана темекінің акциздері 6,2 мың теңгеге (бір қораптан 125 теңгенің салығы) дейін көтерілген болатын. Биыл тағы 7,5 мың теңгеге дейін өсті. Келесі жылы аталған салық 8,7 мың теңгеге жетуі тиіс. Алдағы уақытта темекі акциздерінің құнын көрші Ресейдің деңгейіне дейін көтеру көзделіп отыр. Ал салықтың мөлшері артса, баға да көтеріледі. Бұдан бөлек, дүкен сөрелерінен темекі өнімдерін мүлдем алып тастауы мүмкін.