Қазақстандағы ең қауіпті автодаңғылдар анықталды

0 0

Автокөлік жүргізушілері Қазақстандағы ең қауіпті жолдарды атады. Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтына жарияланған жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингіне сәйкес, 2017 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 115-орынға жайғасқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Today.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлік электроникасын өндіріп шығарушы Neoline компаниясы өз өнімін тұтынатын адамдар арасында аймақтағы жол сапасын тексеру мақсатында сауалнама жүргізді. Атап айтқанда, олар республика тұрғындарынан ең апатты жолдарды атап беруді сұраған. Анкетаға 1 200 көлік жүргізушісі қатысқан.

Респонденттердің 55 пайызға жуығы Алматы – Қапшағай автодаңғылы Қазақстандағы ең қауіпті жолдардың бірі екенін айтқан. Бұны полиция да растайды: күн сайын ол жерде ауыр жол апаттары болып, соңында ондаған көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер қаза тауып жатады.

Антирейтингтің екінші орынын 23 пайыз дауыспен Балқаш – Қарағанды даңғылы алған. Бұл жолдың нашар жағдайымен түсіндіріледі: тұтынушылар ол жерде ордың көп екенін айтқан.

Респонденттердің тоғыз пайызы Шымкент – Түркістан даңғылын да қауіптілер қатарына жатқызған. Басқа тұтынушылар Түркістан мен Атырау облыстары арқылы өтетін даңғылдарды қауіпті деп таныды.

Ал Қазақстандағы ең қауіпсіз даңғыл ретінде Көкшетау – Астана жолы аталды. Оған сұрақ қойылған қазақстандықтардың қырық пайызы дауыс берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.