Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0 0

«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Қазақстанның батыс облыстарындағы аптап ыстыққа себеп болған антициклон алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын циклонның әсерінен шығысқа жылжиды.

4-5 шілде аралығында өңірдің кей жерінде найзағай, өткінші жаңбыр, екпінді жел болып, ыстықтың беті қайтады.

Антициклонның шығысқа жылжуына байланысты республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райы орнайды. Бұл өңірлерде күндізгі температура плюс 30…35°С-ге дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С-ге дейін жоғарылайды. Бұл әдеттегіден 4…7°С жоғары.

Атмосфералық фронттардың ықпалынан шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай ойнап, жаңбыр сақталады, таулы аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.