Жамбыл облысында ер адамның мәйіті табылды

0 0

Жамбыл облысы Меркі ауданында ер азамат суға батып, қаза болды, —  деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Басқарманың хабарлауынша, 1 шілде күні таңғы сағат 8.00-де Меркі ауданының Аңдас-Батыр ауылына қарасты Арал-Кишлак бөлімшесіндегі «Каскад-1» су қоймасына 53 жасар ауыл тұрғыны батып кеткен. ТЖД Жедел құтқару жасағының төрт қызметкері 21.40-та азаматтың мәйітін судан алып шыққан.

Сондай-ақ, облыстық ТЖД қызметкерлері қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жерде болғанын жеткізді.

Айта кетерлігі, 2018 жыл басталғалы бері облыстың су қоймаларында дәл осындай соңы өлімге әкеп соққан 9 оқиға тіркелген. Жамбыл облыстық ТЖД қызметкерлері мұндай жағдайлардың алдын алу және халыққа ескерту мақсатында Тараз қаласы мен облыс аумағындағы қауіпті су қоймаларында рейдтер жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.