ҰБТ нәтижесі бойынша мектептердің рейтингісі жасалмайды

0 15

Қазақстанда ҰБТ-да ең нашар және жоғары нәтиже көрсеткен мектептердің рейтингісі жасалмайды. Бұл туралы Алматыда Ғылым академиясында педагогтармен, мемлекеттік орган өкілдерімен кездесуде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

Педагог мамандар министрге жақсы нәтиже алу үшін аудандық әкімдіктер мен мектеп басшылығы қысым жасайтынын айтып, шағымданды.

«Неге әкімдіктер мектеп директорларына қысым жасайды? Мектеп ҰБТ жақсы нәтиже көрсету үшін бе? Өйткені, былтырға дейін облыстар бойынша ҰБТ рейтингі бар еді. Нашар нәтиже көрсеткен директор таяқ жейтін. Биыл біз рейтинг жарияламадық. Енді рейтинг болмайды. Мектептер арасында бәсеке болмайды. Қай облыс қандай нәтиже көрсеткенін тек бірнеше адам ғана білетін болады. Маған қандай адамдар қолқа салмады? Журналистер, премьер-министр, вице-премьер, президент әкімшілігі. Олардың ешқайсысына ақпарат айтылмады. Өйткені ол құпия», — деді Е. Сағадиев.

ҰБТ нәтижесі бойынша мектептердің рейтингісі жасалмайды

Бағалар бұдан кейін де құпия сақталады.

«Бұл гранттарды бөлу жүйесі. Бұдан әрі осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Жыл сайын ҰБТ айналасындағы шиеленіс азаятын болады», — деді министр.

Сонымен қатар, министр Облыстар рейтингісі жайлы мектептер құлағдар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.