Ағымдағы жылдың 5 шілде күні Жамбыл атындағы «Руханият орталығында» Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Х.Есаман, Ш.Мамасерікова, Е.Әлімжан, Қ.Асанов және тағы басқа да жас ақын жазушылармен кездесті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
Жиында одақ мүшелері мен жас ақындар аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы және өздерінің алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Кездесуде Берік Уәлиұлы әдеби шығармашылықты шыңдап, әдебиет пен өнерді мемлекеттік дәрежеде қорғауға және әдебиеттің көркеюі үшін қоғамда қаламгерлер қауымының лайықты баға алуы аса маңызды екендігін айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігін атап өтті.