Елімізде жүргізуші туралы ақпараттарды анықтай алатын бағдаршамдар іске қосылды

0 0

Өскемен қаласында жүргізуші туралы ақпараттарды анықтай алатын бағдаршамдар іске қосылды. Жол ережесін бұзғандарды тізімдеп алатын мұндай «ақылды» бағдаршамдар Қазақстан мен Орджоникидзе көшелерінің қиылысына орнатылған. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар бағдаршам жолдан өтетін адамға қатысты ақпараттарды да анықтайды.

«Бағдаршамда екі бейнекамера бар. Бірі ереже бұзғандарды белгілеп алса, екіншісі өткелі тұрған адамға қатысты биометрлік деректерді анықтайды. Яғни, ішкі істер басқармасы базасындағы мәліметтерді іздей бастайды. Ал жүргінші жолағы бағдаршамның белгісіне қарай, жасыл немесе қызыл жарық жағады, – дейді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.