Тараз қаласында Жамал әжей зейнетақысына өзі тұрып жатқан 10-мөлтекауданның ауласын абаттандыруда. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жамал Көшкінбаева – 8 баланың анасы. 24 немере мен 18 шөбересі бар ардақты әже. 40 жыл ұстаздық еткен ол зейнеткерлікке шыққан соң осы үйдің тыныштығы мен тазалығына бас-көз болып жүр. Қарт әжей тұрғын үйдің алдына кішігірім демалыс аймағын жасатып, көздің жауын алар гүлдер отырғызған. Одан бөлек балаларға теннис үстелін де орнатып беріпті.
Жамал Көшкінбаева, қала тұрғыны:
— Күрке орнаттырдым, ойымда талай нәрсе бар, балаларға арналған ойын алаңын салсам деймін.