Бұл ақпаратты Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахымов ӨКҚ өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Күмісбек Рахымұлының сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері 6 ай ішінде аталған індеттің 2 жағдайы тіркелген. Қантар айында Тараз қаласында 19 жастағы студент, маусым айында Қордай ауданында 2 жасқа дейінгі бала ауырды. Қазіргі танда екі науқаста ауруханада емделіп жазылып шықты.
Ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шаралар кешені толығымен ұйымдастырылды. Қарым-қатынаста болған 130-дан аса адам күнделікті медициналық бақылауға алынды. Сондай-ақ, алдын алу мақсатымен 100-ден аса адам бактериологиялық жолмен тексеріліп, нәтижелері теріс көрсеткіш көрсетті. Басқа қайталанған жағдайлар тіркелмеген.
Менингиттің эпидемиологиялық кезеніне байланысты облыста әрбір аудан аумағында сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, эпидемиялық маңызды нысандардың санитариялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Айта кетерлігі, облыста қажылыққа ниет етушілерге екпе салу тек №1 емханасында жүргізілуде.