Елімізде кешенді тестілеу басталады

0 2

Жоғары оқу орындарына түсуден үміттілер үшін тағы да бір асу тұр. Елімізде кешенді тестілеу 14-шілдеден басталып 18-шілдеге дейін жалғаспақ. Кешенді сынаққа былтыр мектеп бітіргендер, денсаулығына байланысты ҰБТ сынағына қатыса алмай қалғандар, колледж түлектері бағын сынай алады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кешенді тестілеу сынақтары ҰБТ сияқты арнайы орындарда емес, еліміздегі кез — келген жоғары оқу орны базасында тапсыруға болады. Сертификатқа қол жеткізу үшін 50 баллға ие болу керек. Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балдан жоғары жинау қажет.

Кешенді тестілеуден өткендер ҰБТ тапсырғандар сияқты мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады. Ілім айдынында білім нәрімен сусындаған түлектер бүгінде қызу дайындық үстінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.