Мəжіліс депутаты Қожахан Жабағиев «Бурное сүт компаниясының» жұмысымен танысты

0 0

Ауыл шаруашылығында тек ет өнімдерін ғана емес, өндірілген сүтті өңдеу мәселесін де қолға алу қажет. Ірі сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін отбасылық шағын фермаларды дамытуды қолға алған дұрыс. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиев Б.Момышұлы ауылындағы «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жұмысымен танысты. Кəсіпкердің түйткілді мәселесін тыңдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өндіріс орны бүгінде жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдалануда. Өткен жылы 600 тонна ірімшік, 96 тонна сары май өндірген. 9 млн литр сүт қабылдапты. Өнім сапалы, сұраныс-көп. Қазақстанның барлық қалаларына таратылып жатыр. Мəскеу мен Мамара қалаларына да жөнелтілуде.

Компания биыл осы көрсеткішті 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Алайда, толық қуатпен жұмыс істеуге біршама кедергі бар. Сүт өткізетін жеке тұрғындар кәсіпорынды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, нарық бағасына қарай олар өнімін қайда өткізетіндерін өздері шешеді. Іргесі 70 жыл бұрын қаланған зауыттың ғимараттары да ескірген. Қондырғылар Қазақстанда шығарылмайды. Шет елде бағасы тым қымбат. Электр энергиясы мен көгілдір отынның тарифі де тым қымбат.

Кəсіпкердің шешілмеген мəселесін тыңдаған Мəжіліс депутаты тірлікті түзеу үшін отбасылық фермаларды құрып,кешенді шараларды қолға алу керектігін айтты. Жəне айтылған мəселелерді шешу үшін қаралатын заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге тырысатындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.