Өңірде кітапхананың жаңа моделі қалыптаспақ

0 6

Жаһандануға жұтылып бара жатқан бүгінгі қоғамды кітапқа қайта тартудың ең тиімді жолы – еліміздегі кітапханалардың жаңа моделін қалыптастыру. «Нұр Отан» партиясы осы бағытта «Қазақстан кітапханалары заманауи білім орталығы» жобасын іске асыруда. Осы орайда, бүгін Абай атындағы орталық кітапханада жастарға арналған екі бірдей орталық өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Коворкинг» және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ақпараттық білім беру» орталығы Таразда алғаш рет ашылып отыр. Мамандар қос бірдей орталықтың жастарға берері мол,-дейді. Алдағы уақытта бұл бастама өңірдегі барлық кітапханаларда ашылады деп жоспарлануда.

Арын Асқарбеков — «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ 

— Коворкинг орталығы, бізде білім орталығы. Яғни, осы абай атындағы кітапханада ашылып отыр. Бүгінгі шараның мақсаты осы жерге келушілерге жаңа форматта қызметтер көрсету. Жаңа жобаны өолдана отырып цифрлы қазақстан бағдарламасына сәйкес қызметтер көрсету.

Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттық білімін жетілдіру мақсатында шеберлік курстары ұйымдастырлып, түрлі білім беру семинарлары өтеді.

Жазира ЖИДЕБАЙ,  Белсенді жас:

— Елбасының өзі айтады ғой. «болашақта интернет баласынан, кітап баласы озады деп». Сол сияқты мына біз жастарға жаңашыл бағытта жиналатын жер қажет. Осы коворкинг орталығының ашылғанына қуаныштымыз.

Шара соңында жастар тарапынан ұсыныстар айтылып, Абай атындағы орталық кітапханасымен  «Жас Отан» Жастар қанаты өзара бірлескен меморандумға қол қойды. Ал, келешекте бұл орталық жастардың шығармашылықпен айналысатын ортасына айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.