Қордай ауданындағы Степное ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істеріндегі медициналық анықтамалар жалған екендігі белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
«Қоғамдық бақылау картасы» аясында ведомствоның «СаІІ-орталығы» нөміріне 21- маусымда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жөніндегі хабарлама түскен. Осы хабарлама негізінде Қордай ауданы Степное ауылдық округі әкімі аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген.
Талдау барысында, əкімдік қызметкерлері статист, іс-жүргізуші, еден жуушы, күзетшінің жеке істерінде, 2018 жылдың 4 мен 10- сәуірінде берілген 086/у нысандағы медициналық анықтамалар жалған екендігі және осы қызметкерлер Қордай аудандық ауруханасында медициналық тексеруден өтпегендігі анықталған. Фактілер бойынша материалдар Қордай аудандық ішкі істер бөліміне қарау үшін жолданды.