Шу ауданында ауыл шаруашылығы кооперативі нәтижелі жұмыстар атқаруда

0 0

Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы мақсаттардың бірі – кооперативтер құру екені белгілі. Стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажеттігін алға тартты. Солардың қатарында Шу ауданы Қонаев ауылындағы «Берекелі-2016» кооперативі бар. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дінмұхаммед Әлімқожаев басқарып отырған кооператив 2016 жылдың желтоқсан айында құрылған.

Бүгінгі күні 20 жеке қосалқы шаруашылық біріккен копператив мүшелерінің әрқайсысы Ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 6 пайызбен 4 млн теңге көлемінде несие алған. Жалпы саны 20 адам 64 млн теңге несие алып, ірі қара малын бордақылаумен айналысып жатыр. Қазір кооперативтің иелігінде 345 бас ірі қара бар. Әзірге ішкі нарық көлемінде жұмыс жасауда.

Кооператив жетекшісінің айтуынша, бір-екі жылдың шамасында мал басын екі есеге көбейтіп, ет өндіретін ірі фабрикалармен жұмыс жасамақшы. Ол үшін қазірден бастап бірнеше ірі фабрикалармен келіссөздер жүргізіп қойған екен. Сондықтан жаз айларынан бастап, солтүстік өңірден қазақтың ақ бас етті малын алғалы отыр. Осыған байланысты модульдық мал сою алаңы және типтік құрал жабдықтар 22 млн теңгеге сатып алынып орнатылды.

Бүгінгі күнге іске қосылып отырған мал сою алаңына аудан әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков ашылу салтанатына қатысып лентасын қиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.