Бүгін Шу ауданында 2017 – 2018 жылғы оқу жылының аяқталуына байланысты 39 – білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау соғылды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
Негізгі осы атаулы білім нысандарында аудан бойынша 11-сыныпты бітіруші «Жас түлектер» саны 1050– болса, олардың ішінде 37 – оқушы «Алтын белгіге» , 22 – оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Ал Шу ауданы бойынша алдымыздағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 555 – мектеп бітірушілер ниет танытып отыр.
Қазіргі таңдағы болжам бойынша 2017 – 2018 оқу жылына аудан бойынша 1 – сыныпқа қабылдануға 2307 — оқушы мектепке баруға ниет білдіруде.
Сондай-ақ, Қонаев ауылының Төле би атындағы орта мектебінің мектеп бітірушілеріне соңғы қоңырау болды. Бұл мектептің ірге тасы 1985 жылы қаланып ел игілігіне берілген болатын.
Қазіргі уақытта 1151 оқушы тәрбиеленіп білімдерін ұштаса, оның 62-сі биылғы жас түлектер. Оның ішінде 27 түлек ҰБТ тапсыруға ниетті. Ал алтын белгіге бір оқушы ұсынылып отыр.
Айта кетерлігі, биылғы жаңа оқу жылына 115 бала мектеп табалдырығын аттамақ.