Бүгінде Шу ауданының кәсіпкерлік саласы өз алдына қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі ағымдағы жылдың 5 айында аудан бойынша жалпы тіркелген 6756 кәсіпкерлік нысандарда 17732 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Барлық шағын және орта кәсіпкерлік сала бойынша, өндірілген өнім көлемі 5 066 243 мың теңге, ол жалпы шығарылған өнім көлемінің 28,0%-ын құрады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша 2018 жылдың 5 айында 3103 адамға 1 млрд. 672 млн. 025 мың теңге несие берілді.
Бөлшек сауда тауар айналымы 4330,1 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 108,2 пайызға орындалды. Ал көтерме сауда айналымының көлемі 2495,7 млн. теңге болып, нақты индекс көлемі 64,5 пайызды құрап отыр.