Шу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қатысты семинар өтті

0 13

Бүгін Шуда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Жемқорлықсыз ел боламыз» тақырыбында ветеринария саласының қызметкерлерімен семинар өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және заң үстемдігінің маңыздылығын айтып өткен болатын. Бүгінгі күнге дейін маңызы зор аталмыш Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Меркі сынды аудандарда іс-шара жоспарына сәйкес өткізіліп, осы аптаның алғашқы күнінен бастап Шу ауданында орын алуда.

Семинарды аудан әкімі аппаратының бас маман – заңгері Ә.Ғ.Мырзатаев жүргізіп отырды және оған аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің бас мамандары, ауданы әкімдігі «Ветеринариялық қызметі» КМК және аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары қатысты. 

Әділ Ғалымжанұлы қатысушыларға жиынның басты мақсатымен таныстырғаннан кейін алғашқы сөзді аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің бас маманы Е.А.Жүнісовке берді. Ол күн тәртібіндегі бірінші мәселе — «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Осыдан кейін аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің бас маманы М.М.Бернар «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін түсіндірді.

Сондай-ақ, аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының өкілі С.С.Бекболатова аса қауіпті індеттердің биылғы жылдың алты айындағы эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.

Жиын соңында қатысушы ветеринар мамандар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарға қанық болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.