Спортшы өз көлігінің айнасын ұрлайын деп жатқан екі белгісіз тұлғаның үстінен түскен, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.
Туындаған даудың нәтижесінде күдіктілер Денис Тенге пышақ жұмсаған.
Аталған факт бойынша тергеу басталып, күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды. ІІД-нің барлық қызметкерлеріне бағыттама берілді делінген Алматы қаласының ішкі істер департаменті хабарламасында.