Израиль жалғызбасты әйелдерге суррогат ананың көмегіне жүгінуге рұқсат етті

0 7

Израиль билігі тұрмысқа шықпаған әйелдерге сәйкес құжаттары болған жағдайда суррогатты ананың көмегіне жүгіну құқығын берді.

The Jerusalem Post басылымының хабарлауынша, мұндай құқық жалғызбасты еркектер мен гомосексуалдарға берілмейді. Бұл жаңалық гомосексуал, бисексуал, трансгендердік адамдардың наразылығын тудырды.

Израильде біржынысты неке ресми түрде заңдастырылмағандықтан, кнессет «кез келген жыныстағы генетикалық жалғызбасты-ана-ана» туралы ұсынысты қабылдаған жоқ.

Дереккөз: iz.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.