Денис Теннің қазасы туралы қаралы хабар дүние жүзіне тарады

0 0

Халықаралық олимпиада комитеті Twitter-дегі ресми парақшасында Денис Теннің қазасына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Онда Сочи олимпиадасының қола жүлдегері 25 жасында көз жұмғаны жазылған. Халықаралық ұйым спортшының отбасы, достары және мәнерлеп сырғанау жанкүйерлерімен біргеміз деп қайғысын білдірген.

Сондай-ақ, шетелдік белгілі спортшылар да мезгілсіз қазаға байланысты көңіл айтып, Денистің жақындарына қайғыға ортақ екендіктерін жеткізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.