Несие алғанда заңсыз қосылған үстемелерді қалай қайтарып алуға болады

0 2

Елімізде екінші деңгейлі банктер жеке тұлғаға несие бергенде оған ай сайын төлеуі үшін несие шотын ашқан, сол несие шотын ашқаны және оны несие жабылғанша ұйымдастырғаны үшін банктер комиссия ұстап отырған. Себебі, банктер жеке тұлғаға несие шотын ашу және оны ұйымдастыруды бөлек банктік операциялар деп есептеп, комиссияларды банктік қарыз шартына қосқан және комиссиялардың мөлшерін несиені төлеу кестесінде көрсеткен.

ҚР Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға несие бергенде несие шоттарын ашу және оны ұйымдастыру үшін ұстаған комиссияларын заңсыз деп танып, бұл банктерге жеке тұлғалардан заңсыз ұстаған комиссиялар қайтарылуы керектігі туралы 2012 жылдың 9 ақпанында №667/206/740 жолдаған хатына сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін алынған несиелер бойынша төленген комиссияларды қайтарып алуға болады.

Алайда, екінші деңгейлі банктер заңсыз ұсталған комиссияларды жеке тұлғаларға өз еріктерімен қайтаруға асығар емес.

Осыған орай, бұқараның банктік қызмет саласында сауаттылығын арттыру және қаржылық құқықтық сүйемелдеу мақсатында заңгерлер, сот орындаушылары және коллекторлық агенттіктердің өкілдерінен Қазақстанда тұңғыш мамандандырылған «DOSTUPNOYE PRAVO» атты Қауымдастық құрылды.

Аталған Қауымдастық қызметі банктік және қаржылық құқық саласында тегін заңгерлік кеңес берумен қатар, екінші деңгейлі банктер заңсыз ұстаған комиссияларды халыққа өндіріп беруді көздейді.

Бүгінге дейін,«DOSTUPNOYE PRAVO» Қауымдастығына азаматтардан түскен 5 мыңнан астам өтінімдердің басым бөлігі сот шешімімен қанағаттандырылып, 500 млн. теңгеден астам қаржы өтініш иелерінің пайдасына шешілді.

Қауымдастық ҚР “Тұтынушылар құқын қорғау туралы” Заңы мен басқа қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып, заңсыз алынған комиссияларды есептеп, банкті немесе несие берген ұйымды сотқа береді. Сот ұсынылған дәлелдерді қарап, талап арызды қанағаттандырып, комиссияға кеткен ақшаны қайтару жөнінде шешім шығарады. Сол себепті азаматтар Қауымдастықтың қызметіне жүгініп, заңсыз ұсталған комиссияларды банктерден қайтарып алуда.

Егер, жеке тұлғаға комиссияны қайтарып алу үшін көмек қажет болса, Қауымдастық заңгеріне сенімхат пен банктің несие шартының және несиені қайтару жөніндегі төлем кестесінің көшірмелерін ұсынады. Сол сенімхатпен несие алушының атынан сотқа талап арыз тапсырып, сот арқылы заңсыз артық комиссия төлемдерін банктен қайтарып бергізеді және қайтарылған сома несие алушының жеке шотына аударылады. Банктің несие шартының және несиені қайтару жөніндегі төлем кестесі несие алушыда сақталмаған болса, несиені алған банктің қызметкерлерінен алуға болады.

Заңсыз ұсталған комиссияны несие жабылғаннан кейін де қайтарып алуға болады, бірақ несие жабылған күннен бастап жеке тұлға үш жылдың ішінде әрекет етуі қажет. Себебі, Азаматтық Кодекстің 178, 179-баптарының талабына сәйкес, талап қою мерзімі үш жыл болып белгіленген.

Аталған қызмет бойынша толығырақ мәліметтер мен кеңестерді Жамбыл облысы бойынша «DOSTUPNOYE PRAVO» Қауымдастығының Тараз қаласындағы ресми өкілдігінен алуға болады. Мекен-жайы: Тараз қаласы, «Салтанат» (4) мөлтек ауданы, «Санжар» Бизнес оралығы, 302 офис. Байланыс үшін телефон нөмірі  +7 777 507 99 66.

 Жамбыл облысы бойынша «DOSTUPNOYE PRAVO» Қауымдастығының Тараз қаласындағы ресми өкілі  Туткушева Гүлжан Көпбайқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.